kz

RU
EN
KZ
Астана» - «Жетісу» матчына көрермендер қатыса алады
12 мам 2021

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің (30 сәуірдегі №18), сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, стадион  20%-ға толған кезде Қазақстан чемпионатының матчтарына жанкүйерлердің қатысуына рұқсат етілген.
 
Жанкүйерлердің қатысуымен өтетін алғашқы матчқа орай «Астана» - «Жетісу» ойынына кіру тегін болады, бірақ көрерменде ASHYQ қосымшасында белгіленген мәртебе болуы керек
 
Қатысушы жанкүйерлердің санын бақылау мақсатында барлық көрермендер билетті zakazbiletov.kz сайтынан тегін  ала алады (бір адамға бір билет).
 
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің матчтарға қатысуы ата-аналардың жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Стадионда жанкүйерлерді отырғызу әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, билеттер бойынша, сондай-ақ міндетті түрде медициналық маска кию арқылы жүргізіледі.
 
Сіз өз мәртебеңізді Ashyq қосымшасы арқылы ashyq.kz сайтынан QR-кодты сканерлеу арқылы тексере аласыз.
 
Стадионға кіру кезінде міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлік, сондай-ақ ASHYQ қосымшасы болуы тиіс.

Бас серіктес