kz

RU
EN
KZ
Михаил Гурман: «Украинамен тең ойын – жақсы нәтиже»
01 сәу 2021


Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен тең ойнады. Бұл кездесу туралы және жалпы 2021 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчтарының нәтижелері жайында «Астана» ФК бас директоры Михаил Гурман ой бөлісті:
- Менің ойымша, Украинамен сырт алаңда тең ойнау – біз үшін өте жақсы нәтиже. Кеше түнде Қазақстан құрамасын қолдайтын біз сияқты жанкүйерлер футболшыларымыз үшін қатты алаңдады, бірақ олар үмітімізді ақтады. Бұл нәтиже ұлттық құрама ойыншыларын босаңсытпауы керек, дегенмен олардың намысқа тырысып, ойын барысын өзгерте алуы құрметке лайық. Сондай-ақ бұл нәтижеге біздің қазақстандық бапкер Талғат Маруанұлы Байсуфинов қол жеткізгеніне ерекше қуандым!
- Жалпы ЕУРО-ға іріктеудің осы кезеңінде өнер көрсеткен «Астана» ойыншыларына қандай баға берер едіңіз, әсіресе клуб құрамындағы бірқатар футболшылар өз ұлттық құрамаларына шақырту алғанын ескерсек?
- Әрине, Ароян мен Барсегян екеуі қатты қуантты. Олар өз ұлттық құрамасымен бірге үш матчта 9 ұпай иеленіп, керемет нәтижеге қол жеткізді. Ерекше айта кететін жайт, дәл осы Тигранның голдары өте маңызды болды, ол осы іріктеу кезеңінің үздік ойыншыларының біріне айналды. Ароян да гол соқты, сондай-ақ ол өз құрамасының капитаны. Черногория құрамасындағы Томашевичке келетін болсақ, оның ұлттық құрамаға оралғанына қуаныштымын, енді оны жарақаттары мазаламайды деп сенейік. Сондай-ақ Беларусь құрамасының негізгі құрамында Макс Эбонг та ойнайды. Ол небәрі 21 жаста болса да, қазірдің өзінде негізгі құрамның ойыншысы! Antalya Cup жарысына қатысу үшін Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған біздің футболшыларды да қосыңыз, олар осы құраманың негізі ойыншылары болып саналады. Мен «Астана» ойыншыларының ұлттық құрамаларда сұранысқа ие екенін мақтан тұтамын. Оларды ұлттық құрамада жинаған тәжірибесі кейін елордалық команданың сапында жақсы ойын көрсетуге көмектеседі деп сенемін!

Бас серіктес