fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Бапкерлер кеңесінде ФО-ның бес жылға арналған даму бағдарламасы таныстырылды
06 ақп 2021

​ 2021 жылға арналған жоспарлар бекітілген, "Астана" футбол орталығының Бапкерлер кеңесі өткізілді

​Сондай-ақ, футбол орталығының басшысы Арсен Іңкәрбеков ұжымға орталықтың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын таныстырды. 

​Бағдарламаның негізгі міндеттері 9 жастан 17 жасқа дейінгі жас футболшыларды даярлаудың бірыңғай жүйесін енгізу, оларды клубтың бас командасына қосуға дайындау, орталықтың бапкерлер құрамының біліктілігін арттыру, сондай - ақ негізгі команда-"Астана" - "Астана-М" футбол орталығының вертикалын жетілдіру болады.

​Негіз қалаушы міндеттерді дұрыс орындау Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасының құрамында ФО тәрбиеленушілері санының артуына және ФО командаларының ойын стилінің қалыптасуына әкелуі тиіс.

 

Бас серіктес