fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Жеңіспен бастадық!
10 қар 2020

 

Шымкентте 2003 жылы туған жасөспірімдерден құралған футбол орталықтары мен академиялары командалары арасында ҚР Біріншілігі басталды. 
 «Астана» жастары «Қызар-Жар СҚ» және «Қайсар» командаларымен бір топқа түскен еді. 
Вячеслав Прокопенко мен Владимир Глевич шәкірттері турнирді қызылордалықтарға қарсы кездесумен бастады. Елорда жастары бірінші таймда Бақдәулет Батырбаев пен Андрей Березуцкийдің нәтижелі соққыларының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Ал екінші таймда қызылордалықтар бір гол соғып есеп айырмасын қысқартқанымен, ол елорда жастарына қажетті ұпайды иеленуге бөгет болған жоқ. 
 «Астана» ойынды төмендегі құраммен өткізді: Оноприенко, Лисин, Мамонтов, Дүйсембеков, Ақтаев (Бақыт 79), Әділ, Утешев (Якупов 79), Жұмабеков (Есько 90+3), Батырбаев (Усенов 80), Табиғат (Исламов 79), Березуцкий. 
Астаналықтар келесі ойынын 12 қараша күні «Қызыл-Жар СҚ» командасына қарсы өткізеді.

Бас серіктес