kz

RU
EN
KZ
Ненад Эрич: «Менің бір бөлігім «Астана Аренада» және «Астана» ФК-да мәңгі қалады!
02 нау 2021

 

 

 Ненад Эрич «Астана» сапында 10 жыл өнер көрсеткеннен кейін командадан кетті. Клуб оның астаналық ұжым жетістігіне қосқан зор үлесін бағалап, айналымнан 1 ойын нөмірі шығарылып, оны Ненадқа бекіту туралы шешім қабылдады.

 Астананың экс-капитаны, ойналған матчтар бойынша клуб рекордсмені Ненад Эрич өз эмоцияларымен бөлісті:

- Клуб маған бірінші нөмірді бекіту туралы шешім қабылдап, осылайша команданың жетістіктеріне қосқан қарапайым үлесімді бағалағанына  шынайы таңқалдым және мақтаныш етемін. Мен үнемі «Астана» мен Қазақстан мен үшін туғанымдай болып кеткенін,  клубта 10 жыл болғаным туралы,  «Астана» маған еурокубоктықматчтардың атмосферасын сезінуге мүмкіндік бергенін, бұл көптеген футболшылар үшін мансаптың шыңы болып табылатынын әрдайым айтып келемін!

 Осы 10 жыл бойы «Астана» командасына қатысты адамдарға, команданың қуаныш пен ренішін бөліскендерге, яғни басшылыққа, барлық футболшыларға, бапкерлерштабына, әкімшілікке, клуб жанкүйерлеріне  алғысымды білдіремін!

 Сондай-ақ, мен клуб жанкүйерлерін ерекше атап өткім келеді - олар клубтың нағыз тірегі, мүмкін, оларсыз Ненад Эрич пен «Астана» болмас еді, біз оларға үйреніп қалдық, қай жерде ойнасақ та, олардың қолдауын әрқашан сезіндік! Өткен жылы болған пандемия мен аздап құлдырау тек жанкүйерлер мен команданы одан сайын жақындастыра түсетініне сенемін.

 Әрі қарай өмірім қалай болатынына қарамастан, достарымның көпшілігі Нұр-Сұлтанда қалып барады және менің бір бөлігім «Астана Аренада» және «Астана» ФК-да мәңгі қалады! 

 «Астананы» алда көптеген жағымды сәттер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенемін, жақын арада Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойындарда бәріміз бірге қуанамыз деп үміттенемін! «Астана» бұл атақты бес рет жеңіп алды, сол себепті неге биыл алтыншы рет жеңіп алмасқа? Қалай болғанда да  мен соны тілеймін!

 

Бас серіктес