kz

RU
EN
KZ
Непогодов, Қуат және Мұртазаев Ұлттық құрамаға оралды
25 мам 2021

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов жақын арада өтетін екі жолдастық кездесудің ойыншылар құрамасын жариялады.

Құрамаға "Астананың" 4 футболшысы шақырылды. Олар: қақпашы Дмитрий Непогодов, жартылай қорғаушылар Абзал Бейсебеков пен Исламбек Қуат, сондай-ақ шабуылшы Роман Мұртазаев.

Айта кетейік, биылғы алғашқы шақырылымға тек Абзал Бейсебеков қана шақырылған еді. 

Осылайша, Непогодов пен Қуат командаға Ұлттар лигасының өткен жылғы ойындарынан кейін қайта оралды. Ал Роман Мұртазаев Ұлттық құрама үшін соңғы рет 2019 жылғы 24 наурызда Ресейге қарсы ойнаған еді.

Бас серіктес