kz

RU
EN
KZ
«Астана» құрамында Артем Рахманов 
«Астана» футбол клубы белорустық қорғаушы Артем Рахмановпен келісім-шартқа отырды. 
14 қаң 2022

Артем белорустық футбол мектебінің түлегі. Футболдағы кәсіби мансабы «Минск» құрамасы сапында алаңға шыққан 2008 жылдан басталады. 

Одан бөлек Артем Швеция, Польша, Молдавия, Словакия және Украина чемпионаттарына қатысқан. Ол соңғы өнер көрсеткен клубы – бресттік «Рух» құрамында 50 рет алаңға шығып, 4 гол соғып, 3 сәтті доп берген. 

Артем – Белорусия ұлттық құрамасының ойыншысы. Ал «Астанамен» келісім-шартты 2022 жылдың соңына дейін жасасқан. 

Артем Рахманов
Туған күні: 10 шілде, 1990 ж. 
Азаматтығы: Беларусь
Позиция: орталық қорғаушы
Бойы: 1,95 см
Салмағы: 85 кг

«Астана» құрамына қош келдіңіз!

Бас серіктес