kz

RU
EN
KZ
Ресми: Срджан Благоевич – «Астананың» бас бапкері атанды
21 қар 2021

Сербиялық маман Срджан Благоевич «Астана» футбол клубымен келісім-шартқа отырды.

Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибеге ие. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық «Каспий», бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды.

Аталмыш маманмен келісім екі жылға жарамды. «Астана» футбол клубының ұжымы жаңа бапкердің келгеніне қуанышты және елорда командасындағы жұмысында сәттілік пен үлкен жеңістер тілейді.

Қош келдіңіз, Срджан! 

Бас серіктес