Елордалық клубтың вингерін жанкүйерлер команданың тамыз айындағы үздік ойыншысы ретінде таңдады.
Өткен айда португалдық 4 гол соғып, қарағандылық «Шахтерге» қарсы ойында хет-трик жасады. Бұл жүлде футболшы үшін биылғы маусымдағы төртіншісі болды.
Эуженио 47,8% дауыс жинаса, Килан Лебон 15,8% дауыспен екінші, ал Марин Томасов 15,06% дауыспен үшінші болды.