Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаевтың «Астана» футбол клубындағы келісімшарты аяқталды.
Аслан жеті дүркін чемпион атанған клуб қатарына 2021 жылдың басында қосылып, келесі жылы ел чемпионатында көш бастауына сеп болып, УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шықты. Осы уақыт аралығында команда сапында 50 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Клуб ұжымы Асланға команданың жарқын жетістіктерге жету жолында қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтып, аяқдопшы мансабында биік белестерді бағындыруына тілек білдіреді!