kz

RU
KZ
Реcми мәлімдеме
10:17, 13 нау 2026

Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпараттық ресурстарда «Астана» ФК футбол орталығының жабылуы туралы шындыққажанаспайтын ақпарат таралуда. «Астана» футбол клубы аталған ақпараттың шындыққа сәйкескелмейтінін ресми түрде мәлімдейді және футбол орталығының жабылуы туралы тараған барлық қауесеттерді жоққа шығарады.12 наурыз күні біз футбол орталығының Ата-аналар комитетініңөкілдерімен арнайы кездесу өткіздік. Кездесу барысында футбол орталығының қазіргі жағдайы, жұмысының жалғасуы және алдағы даму бағыттары бойынша толық әрі жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, біз футбол орталығын дамытуға және оның тәрбиеленушілерін қолдауға ерекше көңіл бөліп келеміз. Бүгінде орталығымыздың бірқатар түлектері негізгі команда құрамына енгізіліп, кәсіби деңгейде өнер көрсетіп жүр. Солардың бірі – тәрбиеленушіміз Мақсат Абраев, ол Премьер-лиганың жаңа маусымының алғашқы турында өз голын соғып, клубымыздың академиясы жүйелі түрде нәтиже беріп жатқанын дәлелдеді

Осыған байланысты жанкүйерлерімізді және тәрбиеленушілердің ата-аналарын тексерілмеген немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ тек клубтың ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

Бас серіктес