kz

RU
EN
KZ
Роман Муртазаев «Астанадан» кетеді
«Астана» футбол клубы мен Роман Муртазаев екі тараптың келісімі бойынша еңбек қатынастарын аяқтады.
16 шіл 2021

Муртазаев еңбек жолын 2017 жылы астаналық клубта бастап, «Астана» сапында үш маусым өткізді. 2020 жылы Роман қостанайлық «Тоболда» ойнады, келесі жылы елордалық командаға оралды.

«Астана» сапында шабуылшы 149 матч өткізіп, 30 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді. Клубпен бірге Роман үш чемпиондық атаққа ие болып, екі рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.

«Астана» футбол клубының ұжымы Романға команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және жаңа жерде жаңа табыстар тілейді.

Бас серіктес