kz

RU
EN
KZ
Роман Муртазаев: "Астанаға" қайтып келгеніме қуаныштымын»
23 ақп 2021


 
            Роман Муртазаев  бұған  дейін  130-дан астам ойын өткізіп, 26 гол соғып, клуб тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі атанған "Астана" сапына қайтып оралды.
            Роман "Астананың" баспасөз қызметіне өзінің елордалық командаға қайтып келуі туралы айтып берді:
-Мен "Астана" командасына оралғаныма қуаныштымын, мұнда менің мансабымның өте қызықты да, жемісті үш жылы өтті. Бұл ретте, мен және менің отбасым клубта да, қалада да өзімізді өте жайлы сезіндік, мен астаналық жанкүйерлердің қолдауын әрдайым сезіндім. Мен клубқа дәл осы жылы сезімдердің әсерімен оралдым.
- Сізге басқа да ұсыныстар болды ма?
- Маған Қазақстаннан да, Еуропадан да ұсыныстар болды, бірақ олар туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені мен осындамын. "Астанаға" келуімнің басты себептердің бірі - ол команданың бас бапкері тарапынан маған жеке қызығушылықтың болуы. Андрей Валерьевич маған қоңырау шалып, командаға келіп, осы маусымда көмектесуімді сұрады. Сондай-ақ мен "Ертісте" бірге ойнаған Давид Лорияның осы командада болуы да маңызды себеп болды. Ол спортшы ретінде әрдайым өте өршіл және нағыз көшбасшы, оның бұл қасиеттері әлі де бар және мансабының соңына дейін сақталатынына  сенімдімін.
- "Астанада" қандай мақсаттарға қол жеткізгің келеді?
- Алдымен, негізгі құрамда ойнағым келеді және өз ойыныммен командаға көмектескім келеді. Егер "Астанада" ойнайтын болсам, онда, әрине, Қазақстан ұлттық құрамасының сапына қайта оралғым келеді, мен үшін ол - әрдайым мақтан тұтатын басты команда. Мен әлі де жаттығып, мүмкіндігінше көбірек ойнауым керек.

Бас серіктес