kz

RU
EN
KZ
Роман Муртазаев клуб сұрмергендері тізіміндегі орнын жақсартты
12 сәу 2021


 
"Астана" - "Атырау" матчының екінші таймында алаңға шыққан Роман Муртазаев қарсылас қақпасына дубль жасап, есепті 6:2 жеткізген еді. 
 
Осылайша Муртазаев клуб сапында соққан голдарының санын 28-ге жеткізіп, командаданың сұрмергендер тізіміндегі орнын жақсарта алды. Қазір Роман клубтың бұрынғы шабуылшысы Игорь Бугаевты озып, 6-шы орынға шықты. 
 
Айта кетейік, соғылған голдардың саны бойынша команда үздігі - Патрик Твумаси, оның есебінде 69 гол бар. Екінші орында 56 гол соққан Марин Томасов келеді. Үздік үштікті Таңат Нөсербаев (54 гол) түйіндеп тұр.

Бас серіктес