kz

RU
EN
KZ
Ротариу Шығыс Еуропадан келген легионерлердің таңдаулы құрамына енді
08 шіл 2020

Prosports.kz спорттық порталы қазақстандық футбол тарихындағы шет елдік ойыншылардың үздіктер құрамын таңдауды жалғастыруда. Бұл жолы Шығыс Еуропа: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және Болгария елдерінен келген легионерлердің таңдаулы құрамын анықтады.
Бұл құрамға «Астана» және Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу енді.
Дорин өткен маусымнан бастап елорда командасының намысын қорғап келеді. Ол осы уақытқа дейін 48 ойын өткізіп, 8 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
Сонымен қатар, Қазақстан Чемпионатындағы Шығыс Еуропадан келген 11 үздік ойыншының қатарында «Астана» футбол клубының экс-футболшысы Ласло Кляйнхайслер бар.

Бас серіктес