kz

RU
EN
KZ
Сағи Совет: «Әр матчта біз 200 пайыз күш салуымыз керек»
23 қыр 2021

«Астананың» қорғаушысы Сағи Совет - Olimpbet-Қазақстан Кубогының ширек финалында «Каспиймен» ойналған матчтағы жеңіс туралы (1:0).

– Сағи, жеңіс құтты болсын! 120 минут ойнадыңдар, ұзақ ойын болды. Жеңіске қалай жеттіңдер?


– Рахмет! Иә, ойын оңай болған жоқ. Және Ақтаудағы газонның сапасы жақсы емес еді. Ойыншылар ойыннан шыққанның өзінде жақсы ойнаған қарсыласымызға құрмет білдіреміз, ал соңында Қуат әдемі соққы жасап, матчтың нәтижесін шешті.

– Сенімен және негізгі құраммен көптен күткен ойын болды десек болады. Бірге шығып, кубок үшін күрескендегі әсерің қандай?

– Мен әрқашан алаңға шығып, командаға көмектесуге дайынмын!

– Алда чемпионаттың матчтары күтіп тұр. Лигада жеңіске жету үшін команданың не істеуі керек?

– Тек әр матчта 200 пайызға күш салып, өз сәттерімізді іске асыруымыз керек. Ал, ең бастысы, бізге жанкүйерлердің қолдауы керек, олардың көмегі өте көп. Біз оларды стадионда күтеміз!

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес