kz

RU
KZ
Саян Хамитжанов: «Командаларымызға алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!»
«Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов қазақстандық командалардың еурокубоктағы қарымта кездесулері жайлы өз пікірін білдірді:
17 шіл 2024

Бүгін «Ордабасы» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші раундының қарымта ойынын өткізеді. Бұл жұпта «Петрокуб» пен шымкенттік команданың келесі кезеңге өту мүмкіндігі тең.

Қазақстандық футбол жанкүйерлерінің ойынан үш клубтың да алғашқы матчтарының нәтижесі шықпағаны анық, бірақ бұл Еуропада ойнаудың мүлдем басқа деңгейде екенін және кез келген қателік үшін қарсыластан оңбай таяқ жеуге болатынын көрсете түсті. Сонымен қатар, мен үш команданың да екі ойындық теке-тіресте жеңіске жету мүмкіндігі бар деп сенемін.

«Ақтөбе» ойын барысында «Сараеводон» басым түсті, тек матч соңында алыс соққыдан кейін көңілге қаяу түсірген гол жіберіп алғаны болмаса. Қазақстандық клуб бар күшін салып ойнаса, бір доптық гандикапты қайтарып, басымдықты өз жағына алуы әбден мүмкін. Тек «Тобыл» үшін бірінші кездесудің нәтижесіне байланысты ауыр болады, бірақ қостанайлық жанкүйерлер қолдауы командаға қосымша күш беретінін анық.

Мен барлық командамызға сәттілік пен жеңіс тілеймін, өйткені ішкі аренада қарсылас болсақ та, еурокубокта басты міндетті – отанымыз Қазақстанның намысын бірге қорғаймыз. Әрбір жеңіс, әрбір тең ойын – Еуропадағы ел футболының беделі үшін де, УЕФА клубтарының рейтингінде де өте маңызды.

Бас серіктес