kz

RU
EN
KZ
Саян Хамитжанов: Біздің команда бұрын-соңды үлкен турнирге мұншалықты жақын болған емес. Олар біз үшін – батырлар 
22 нау 2024

«Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов Ұлттар лигасының жартылай финалында Грециядан жеңіліс тапқан Қазақстан құрамасына қолдау білдірді.

«Құрама ауыр жеңіліске ұшырады, қарсыласқа жол берді. Бәріміз де ғажайыпқа сендік, орындалмады. Қалай болғанда да, біздің жігіттер – нағыз батырлар, олар соңғы жылдары қалың елге ерекше жағымды эмоция сыйлады, осы үшін-ақ біз үлкен алғыс айтуымыз керек. Біздің команда бұрын-соңды алпауыт турнирге қатысуға мұншалықты жақын болған емес. Енді аяқдопшыларға көп сын айтылады, бірақ мен жанкүйерлерді объективті болуға шақырамын, Магомед Адиев және команда үлкен жұмыс жасады, соңғы екі жылда олар бүкіл ел назарын футболға бұра білді, бұл ауыз толтырып айтарлық дүние».

Бас серіктес