kz

RU
EN
KZ
Sputnik Қазақстан "Астана" футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды
15 ақп 2021

 

Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы және Қазақстан чемпионатының көшбасшыларының бірі, "Астана" футбол клубымен өзара ақпараттық   іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа "Россия сегодня" ХАА-ның Қазақстандағы (Sputnik Қазақстан) өкілдігінің басшысы Виктор Панов және "Астана" футбол клубының атқарушы директоры Давид Лория қол қойды.
Ынтымақтастықтың мақсаты-спортты насихаттау, елордалық клуб қызметі туралы жедел және сапалы ақпарат тарату. Sputnik Қазақстан оқырмандары эксклюзивті фото және видео контентті көре алады, ойыншылар мен жаттықтырушылардың эксклюзивті сұхбаттарынан отандық футбол көшбасшысының немен өмір сүріп жатқанын бірінші болып біле алады. 
"Sputnik Қазақстан-Қазақстандағы Интернет-БАҚ-тың Топ-3 құрамына кіретін агенттік алғаш рет спорттық ұйымға медиасеріктес болды. Ынтымақтастық табысты болатынына сенімдімін. Өйткені спорт тақырыбы біздің аудитория үшін маңызды. Агенттіктің мультимедиялық мүмкіндіктері, заманауи баспасөз орталығы еліміздің жетекші клубының жарқын футбол оқиғалары мен жетістіктері туралы түрлі форматта айтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қол қою рәсімінде "Россия сегодня" ХАА-ның Қазақстандағы (Sputnik Қазақстан) өкілдігінің басшысы Виктор Панов.
"Біз Sputnik Қазақстанмен келісім жасағанымызға қуаныштымыз, бұл біздің клубтың айналасындағы медиа-кеңістікте жұмыс процесін дұрыс құрудың үлкен қадамдарының бірі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Sputnik Қазақстанда және бүкіл ТМД аумағында медиақызметтер арасында сенімді серіктес, біз жаңа биіктерге  бірге жете алатынымызға сенімдімін, - деп атап өтті "Астана" футбол клубының атқарушы директоры Давид Лория.
Sputnik Қазақстан өз жұмысын 2016 жылдың қыркүйек айында бастаған. Оның активтері қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, интернет-радио және жоғары технологиялық мультимедиялық баспасөз орталығын қамтиды. Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттігі мен Sputnik радиосының бір бөлігі болып табылады.
Sputnik-әлемнің 90-нан астам қаласында мультимедиялық,  аналогтық және цифрлық радиохабар тарату қызметтерін, 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды біріктіретін ірі халықаралық БАҚ бірі. Sputnik-тің жаңалықтар лентасы  тәулік бойы бүкіл әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат береді. Sputnik "Россия сегодня" медиа тобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.
"Астана" футбол клубы 2009 жылы құрылған және өзінің шағын қызмет уақытының ішінде Қазақстан футболының тарихындағы ең атақты клубқа айналды. Клуб 6 рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, үш дүркін Кубок иегері,  бес дүркін Қазақстан Суперкубогының иегері болды. Бұған қоса, "Астана" ФК Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан  еліміздің бірінші клубы болды, сондай-ақ үш рет Еуропа лигасы тобында өнер көрсетіп, 2017/2018 маусымда Еуропа Лигасының 1/16 финалына шықты.

Бас серіктес