kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Бүгінгі ойынға көңілім толады деп айта алмаймын»
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Жетісумен» өткен ойынды қорытындылады.
07 там 2022

– Маусымдағы сүреңсіз ойындарымыздың бірі деп ойлаймын. Тек екінші таймның аз ғана бөлігінде ойынға қосылдық. Бұл нағыз «Астананың» деңгейі емес, «Жетісу» лайықты түрде тең нәтижеге қол жеткізді. Футболшылардың алаңда көрсеткен ойындарына риза емеспін. Жаңа айтқанымдай, бар болғаны екінші таймның 20-25 минутындағы ойынға ғана көңілім толады. Бар айтарым – бір ұпайды иемденіп, кубоктың ширек финалына жолдама алып қойдық.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес