kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич «Қайратты» 6:0 есебімен жеңі жайында: «Сапа мен күш-жігерді көрсеттік»
«Астана» клубының бас бапкері Срджан Благоевич «Қайратқа» қарсы ойын жайында:
14 мам 2022

– Бүгін алаңда болған жайттар мен ойын нәтижесінен кейін артық сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын. Жақсы ойын көрсетіп, табандылық танытқан командам мен футболшыларды жеңісімен құттықтаймын! «Қайратқа» қарсы матчта үш ұпай еншіледік. «Астана» мен «Қайрат» десе қандай ойын болатынын бәрі де біледі.

Ойын нәтижесіне қарамастан, қарсыламыз мықты командалардың бірі. Бір ойын команданың сапасын анықтамайды. Бүгін олар орындай алмаған сәттер біздің қолымыздан келді. Соңында жеңіске жеттік. Командам мен жанкүйерлерді тағы да жеңісімен құттықтаймын. Осындай ойындар жанкүйерлер санын арттыруға көмектеседі. Бұл жеңістің біз үшін пайдасы да, маңызы да зор.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес