fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Станислав Басманов: «Гол соғу үлкен сенімділік береді»
22 мам 2022

«Астананың» шабуылшысы Станислав Басманов «Атыраумен» өткен кездесуді қорытындылады.

– Стас, «Атыраумен» тең түстік: команда осындай қиын ойын болатынын күтпеді ме?
– Жоқ, біз «Атыраудың» мықты команда екенін білеміз. Олар жайдан-жай чемпионаттың лидерлерінің қатарында келе жатқан жоқ, сол себепті, біз күткендей өте ауыр ойын болды.

– Команда сапында 2 гол салдың және екеуі де соңғы минуттарда соғылды. Бұл жайлы не айтасың, қандай сезімдесің?
– Келесі ойындарға шығуға, тағы гол салуға ынта-жігер сыйлайды, өйткені бұл үлкен сенімділік береді. Әрине, ең бірінші кезекте команданың жеңгенін қалаймын, себебі алдымызда кем дегенде чемпиондыққа қол жеткізу деген мақсат тұр.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес