kz

RU
EN
KZ
Тигран Барсегян: «Голдарымды қиын жағдайға тап болған барлық отандастарыма арнаймын»
«Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян «Оқжетпеске» қарсы кездесуде дубль авторы атанды. Ойыннан кейін Армения құрамасының футболшысы кездесуден алған әсерімен бөл
27 қаз 2020

- Бүгінгі ойында соққан голдарыма қуаныштымын, ал олардың команданың маңызды жеңіске жетуіне көмектескеніне одан бетер қуаныштымын! Бірақ бізге босаңсуға болмайды, қазір бүгінгі жеңіске аздап қуанып, оны тез арада ұмытып, алдағы ойындарға дайындалу қажет.
- Сіз бірінші гол соғылғаннан кейін трибуналар жаққа арнайы құрмет білдірдіңіз. Бұл қимыл нені білдіреді?
- Өздеріңіз білетіндей, қазір менің Отанымда, Арменияда әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Мен осы қимыл арқылы қиын жағдайға тап болған барлық отандастарыма голдарымды арнағым келді! Жақын арада менің елімдегі барлық нәрсе жақсарып, адамдар қайтадан тыныш өмір сүре алады деп үміттенемін!
- Алда команданы негізгі бәсекелесі «Қайратқа» қарсы маңызды ойын күтіп тұр. Жанкүйерлер бұл ойыннан не күте алады?
- Қазір жеңістен кейін кез-келген нәрсені айтуға болады. Бірақ, біз әр ойынға тыңғылықты дайындықпен келіп, тек қана жеңіс үшін алаңға шығуымыз қажет.

Бас серіктес