kz

RU
EN
KZ
Тигран Барсегян – «Қайсарға» қарсы кездесудің үздік ойыншысы
Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясының ұсынған ақпараты бойыншы елорда командасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян «Астана» - «Қайсар
26 қыр 2020

Армения құрамасының ойыншысы 7 рет қарсылас ойыншыларына қарсы тартыста 5 рет айласын асырған және айып алаңына 16 мәрте пас асырған. Бұл ойындағы екі команда арасындағы үздік көрсеткіш.
Екінші орында Абзал Бейсебеков. Қорғаушы жекелей тартыстың 71%-да жеңіске жетіп, 4 рет қарсылас ойыншыларынан допты тартып алған.
Үздік үштікті ойындағы жалғыз голдың авторы Жарко Томашевич түйіндеді. Черногориялық қорғаушы қарсыластан 4 рет допты тартып алып, кездесу барысында 86% дәл пас берген.

Үздік бестік:
1.Тигран Барсегян 298
2. Абзал Бейсебеков 285
3.Жарко Томашевич 284
4. Урош Радакович 267
5.Марин Томасов 257

Бас серіктес