kz

RU
KZ
Тигран Барсегян: «Дәл бүгінгідей ойындарда ең бастысы жеңіс»
Өткен маусымда қызылордалық "Қайсардың" намысын қорғаған, "Астана" футбол клубының жаңа ойыншысы Тигран Барсегян Қазақстан Суперкубогы аясындағы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, елорда командасы сапындағы алғашқы ресми ойынын өткізді.
29 ақп 2020

Ойын соңында Тигран Vesti.kz сайтына матч туралы пікірімен бөлісті:
- Дәл бүгінгідей ойындарда ең бастысы жеңіс. Біз оған қол жеткізу арқылы, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алдық. Ең бастысы да осы. Жалпы алғанда, өте жақсы ойын өрбіді. Жанкүйерлердің көңілінен шықты деген ойдамын.
- Сіз "Қайсар" сапында оң жақ қапталда ойнасаңыз, "Астана" құрамында сол жақ қапталда ойнайсыз. Алаңдағы жаңа позицияға бейімделу қаншалықты қиынға соқты?
- Бұл мен үшін таңсық позиция емес. Сондықтан, ешқандай қиындық жоқ. Маған осы қапталға толыққанды бейімделу үшін кішкене уақыт қажет. Барлығы жақсы болатынына сенімдімін.
 

Бас серіктес