fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
«Астананың» үш футболшысы 15-ші турдың үздіктер құрамына енді
30 қаз 2020

Қалыптасқан дәстүрге орай, Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының баспасөз қызметі ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Инстат аналитикалық компаниясының ұсынған мәліметтеріне сүйене отырып, 15-ші турдың үздіктер құрамын жасақтады.

Бұл турда «Астана» командасы көкшетаулық «Оқжетпесті» 5:1 есебімен тас-талқан етті. Осылайша, 15-ші турдың үздіктер құрамына елорда командасының үш футболшысы енді.

Дмитрий Шомко:
Шомко өз позициясында өте сенімді, қателіксіз ойнады. Дмитрий барлық жекпе-жектің 71% жеңіп алды, 8 рет тосқауыл қойып, 6 мәрте қарсылас ойыншыларынан допты тартып алды. Ол әдеттегідей «Астана» шабуылдарына араласып, голдық пас берді.
Іс-қимыл индексі - 297.

Тигран Барсегян:
Армениялық ойыншы өткен турда өткір шабуылда сәтті ойнап, дубль жасады. Тигран өзінің күшті қасиеттерін – жылдамдық пен дриблингті жақсы қолданып, бірнеше нәтижелі шабуылға өз үлесін қосты.
Іс-қимыл индексі - 369.

Алексей Щеткин:
Щеткин өзіне жүктелген тактикалық тапсырмаларды сәтті орындап, «Оқжетпес» қорғанысына қайта-қайта қауіп төндірумен болды. Сонымен қатар, Алексей серіктестеріне тез қарсы шабуыл жасауға көмектесті, бұл сәттіліктің кепілі болды. Елорда командасының шабуылшысы өз шеберлігінің арқасында дубль авторы атанды.
Іс-қимыл индексі - 310.

Айта кетейік, Дмитрий мен Алексей үздіктер құрамына осымен екінші рет қосылса, Тигран таңдаулылар құрамына бесінші рет еніп отыр.

Бас серіктес