«Астананың» шабуылшысы Усман Камара Sport Plus Qazaqstan басылымына берген сұхбатында жаңа клубтағы дебюті туралы айтып берді:
«Біз бапкердің нұсқауымен чемпионатты тамаша бастадық. Ойын тізгінін тез қолға алдық. Жақсы дайындықтан кейін команда болып алғашқы ресми матчты өткізу өте маңызды болды. Әрине, жақсартуды қажет ететін тұстарымыз бар, бірақ бұл тәжірибе мен ойындағы тұрақтылықпен бірге келеді. Мен болашаққа оптимизммен қараймын».
Шабуылшының айтуынша, маусымдағы алғашқы голын соға алмағанына аздап ренжулі. Матч есебіндегі түзетулерден кейін бірінші гол «Жеңіс» қақпашысы Никита Калмыковтың автогол ретінде көрсетілді.
«Менің голым автогол ретінде есептелгенін байқамай қалдым. Маған әділетсіздік туралы көптеген хабарламалар түсе бастады және бұл гол маған жазылуы керек еді. Бірақ бұл маңызды емес. Ең бастысы – жеңіс, мен «Астананың» үш ұпай алғанына өте қуаныштымын. Алғаш рет команда жейдесімен алаңға шыққаныма қуаныштымын, мен үшін жеңіс шынымен де маңызды. Бұл сәт ерекше болды және біз маусымда жанкүйерлерімізге көптеген жарқын эмоциялар сыйлай аламыз деп үміттенемін».
Камара матчтың үздік ойыншысы атанды.