kz

RU
EN
KZ
Нұр-Сұлтанда «Астана» футбол клубының жаттықтырушылар құрамы үшін Лейпциг университеті мамандарының оқу модулі басталды
Елордада Лейпциг университетінің мамандары «Астана» футбол орталығы жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық курстар өткізіп жатыр.
11 шіл 2022

Лейпциг университеті – Германиядағы тарихы тереңнен бастау алатын университеттердің бірі. Аталған оқу орны Еуропалық университеттер қауымдастығының Утрехт желісінің мүшесі.

Курстардың негізгі тақырыбы – футбол жаттықтырушыларын даярлаудағы заманауи әрі инновациялық әдістер. Жаттықтырушыларғак арналған сабақтарды неміс мамандары Марко Курт пен Франк Энгель жүргізеді. Тренингтер 11-16 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

«Астана» футбол клубы баршаңызды семинарға қатысуға шақырады. Толық ақпарат алу үшін көрсетілген нөмірге хабарласыңыз: +7 702 198 7096 (Бақытжан Есжанов)

Бас серіктес