УЕФА-ның тәртіптік шешіміне байланысты Загребтік «Динамо» жанкүйерлері УЕФА Конференциялар лигасының алдағы ойынына қатыса алмайды.
«Динамо» клубының кез келген атрибутикасы мен логотипінің элементтерін пайдалануға тыйым салынды. «Динамо Загреб» белгісін қолданған жанкүйерлер билеттің жарамдылығына қарамастан стадионға кіргізілмейді және билет ақысы қайтарылмайды.
«Астана» - «Динамо» кездесуі 30 қарашада, сағат 21:30-да «Астана Арена» стадионында өтеді.