– Владимир Вениаминович, албандармен тең түстік. Айтыңызшы, матч қалай өтті?
– Бәрімізді маңызды оқиға – Чемпиондар лигасына қатысуымызбен құттықтағым келеді. Біздің ойыншыларды қолдауға келген жандарға рахмет айтамын. Осы ойынға дайындалуымыз үшін барлық жағдайды жасаған клуб басшылығына бөлек алғыс айтқым келеді.
Ойынға келетін болсақ, бүгін жігіттер бар ынтасымен жеңіске жеткісі келгенімен, болмай қалды. Жаттығу барысында жігіттерді тек жеңіс тұғырынан көрінеміз деп баптадық. Бірақ қолымыздан келгені осы болды. Біріншіден, бұл біз үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы тәжірибе. Футболшыларыма жақсы ойын көрсеткені үшін алғыс айтамын. Мүмкін бәрі біз қалағандай, жоспарлағандай болмаған шығар, бірақ жігіттер алаңда 100%-ға беріліп ойнады. Менің ойымша, намысқа тырысу әрі жеңіске деген ұмтылыс жағынан біз жақсы ойнадық.
– Біз бірінші болып гол жіберіп алдық, бірақ артынша ілесіп, есепті теңестірді. Неліктен матчта бірінші болып есеп ашу мүмкін болмады деп ойлайсыз?
– Неге алдымен гол сала алмадық?! Бәлкім, бірінші нөмірде ойнауға тырысқанымызбен, қарсыластар жол бермегендіктен болар. Қарсылас негізінен жақсы көрінді, жақсы, ұтқыр, салмақты команда. Ұлттық құрамада 8 футболшысы ойнайтыны таңқаларлық жайт емес. Бірақ мен тағы да қайталап айтқым келеді – бұл біз үшін алғашқы тәжірибе және біздің жігіттер халықаралық аренадағы бірінші ойында өте лайықты көрінді деп ойлаймын. Екінші ойында жігіттер өздерін еркін сезінеді, сенімдірек болады және біз міндетті түрде гол соғамыз және бір голдан көп болады деп сенемін. Бүкіл жаттықтырушылар құрамы біздің жігіттерге сенімді. Ал жігіттердің өздері ойыннан кейін толқудың болғанын, екінші кезеңде бәрі мүлде басқаша болатынын және міндетті түрде оң нәтижеге қол жеткізетінін айтты.
«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі - «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ