kz

RU
EN
KZ
«Астана» тәрбиеленушілері толық медициналық тексеруден өтті
17 қаң 2023

14 қаңтардан бастап жаңа футбол маусымына дайындық аясында "Астана" тәрбиеленушілері Prosport спорттық тестілеу орталығының базасында медициналық тексеруден өтті.

Тексеру аясында жас ойыншылар терапия, хирургия, неврология, стоматология, кардиология мамандарына, сондай-ақ невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог кабинеттеріне және спорт дәрігерінің қарауына барды.

Футболшылар сонымен қатар функционалдық жағдайды анықтау мақсатында велоэргометрия сынағынан өтті, бұл орталықтың жаттықтырушылар штабына әрбір футболшының денсаулық жаңдайы қандай күйде екенін толық білуге мүмкіндік береді.

Барлығы 235 футболшы арасында медициналық тексеру жүргізу жоспарланған.

Бас серіктес