fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Марко Милошевич «Астана» құрамында
Сербиялық қақпашы Марко Милошевич елордалық клубтың қатарын толықтырды.
14 қаң 2022

Ол футболдағы мансабын өз отаны – Сербияда бастаған. Алғашқы келісім-шартын сербиялық «Земун» клубымен жасасып, оның сапында 56 ойын өткізген. Одан бөлек «Вождовац», «Смедерово», «Напредак», «Раднички» құрамасы сапында алаңға шыққан.

Ал Қазақстандағы еңбек жолы 2020 жылдан, «Каспий» құрамасынан бастау алады. Ақтаулық клуб сапында 2 жыл ойын көрсеткен. Ал «Астана» клубымен келісім-шарт мерзімі екі жылға есептелген.

Марко Милошевич
Туған күні: 7 ақпан, 1991 ж.
Азаматтығы: Сербия
Позиция: қақпашы
Бойы: 188 см
Салмағы: 84 кг

«Астанаға» қош келдіңіз! 

Бас серіктес