Құралбек Досжанұлы – КСРО спорт шебері, «Металлург» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы) және «Мелиоратор» (Шымкент) командаларында өнер көрсеткен. Қазақ КСР құрамасының қатарында КСРО халықтары Спартакиадасына қатысып, Одақтың жастар құрамасымен алаңға шықта. КСРО чемпионатының Премьер лигасында 185 кездесу өткізді.
Құралбек Ордабаев 11 метрлік соққыларды қайтару бойынша кеңес футболы тарихындағы үздік қақпашылардың бірі болып саналады. 1973 жылы Жоғарғы лига командалары арасындағы КСРО чемпионатында матчтан кейінгі 14 пенальти мен ойын уақытындағы 2 пенальтиді қайтарып, доп қабылдау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты.
Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін алматылық «Қайраттың» басшысы, Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығының вице-президенті, кейін президенті, Қазақстан Республикасы Спорт және туризм агенттігінің спорттық ойын түрлері бойынша кеңесшісі қызметтерін атқарды.