«Астана» футбол клубы оң қаптал қорғаушы Яннис Масураспен келісімшартқа отырғанын хабарлайды.
Яннис мансабын өзінің отаны Грецияда бастады. Қорғаушы «Олимпиакос», сондай-ақ нидерландтық «Спартада» және польшалық «Горник» клубтарында өнер көрсетті.
27 жастағы аяқдопшымен келісім екі жылға жасалды.