Елордада өткен Лейпциг университеті мамандарының семинарлары аяқталды
Халықаралық Лейпциг университетінің мамандары «Астана» футбол орталығының жаттықтырушылар құрамына семинар-тренингтерге қатысып, біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттар табыстады. Құрметті қонақтар қатарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Жарасбаев Серік Маратұлы және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен болды.
Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласында неміс университетінің жетекші сарапшыларының қатысуымен оқу модулі өтті. Бір аптаға созылған оқу барысында мамандар отандық жаттықтырушылармен жасөспірімдер футболындағы жұмыс әдістерімен, оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудың заманауи үлгісімен, спорттағы жұмыстың жеке және жалпы принциптерімен бөлісті.
«Астана» футбол орталығында тәрбиеленетін жастар құрамаларымен қатысуымен оқу курстары теориялық және практикалық сабақтар есебінде өтті.
Бұл семинарды ұйымдастыру және өткізу «Астана» кәсіби спорт клубының қолдауы арқасында жүзеге асты.