kz

RU
EN
KZ
Жарко Томашевич: «Сәтсіз күндер артта қалды деп үміттенемін»
«Астана» 10-шы турдың орталық кездесуінде қызылордалық «Қайсарды» 0:1 есебімен жеңді. Аталмыш кездесудегі жеңіс голының авторы Жарко Томашевич кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:
25 қыр 2020

- Біз үшін кездесу оңай болған жоқ. «Қайсар» - өте жақсы команда. Бірақ, бізге өзіміздің үздік екендігімізді дәлелдеу қажет болды. Қуанышымызға орай, гол соғып, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.
- Сіз бірқатар жарақаттан кейін алаңға қайта оралып, «Астана» сапындағы алғашқы голыңызды соқтыңыз. Өзіңізді қалай сезінудесіз?
- Мен қайта алаңға шығып, командаға көмегімді тигізгеніме өте қуаныштымын. Мендегі сәтсіз өткен күндер артта қалды деп үміттенемін.
- Сіз бүгінгі ойындағы жалғыз голды соқтыңыз. Өзіңді ойынның қаһарманы ретінде сезіндің бе?
- Жоқ, жеңіске жету үшін соңына дейін барын салған, барлық команда мүшелері нағыз қаһармандар.

Бас серіктес