fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Әли Әлиев: «Командаға ризамын, олар ойында барлық тактикалық ойларды қолданды»
27 шіл 2021

«Астана» жастар командасының бас бапкері Әли Әлиев «SD Family» командасымен өткен матчтың нәтижесіне түсініктеме берді.

— Әли, SD Family-ді ең аз көрсеткішпен жеңдіңіздер. Команда ойыны бойынша нені атап өтер едіңіз?
— Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Бүкіл клуб бір идеямен біріктірілген, ол - әр матчтағы жеңіс. Ойын бойынша нақты айта айтатыным, бірінші аспект — бұл нәтиже, екіншісі — ойластырылған сәттерді жүзеге асыру мүмкін болмады: бізде іске асыру ақсап тұр, атқарушылық шеберлікті жетілдіру қажет. Физикалық жағдайда проблемалар бар және оларды шешу керек, өйткені ойынның соңында олар қақпаға өте жақын тұрып, қарсыласқа қысым жасауға мүмкіндік берді. Ойын жоспары 70 пайызға орындалды деп айта аламын.

— Өткен матчта команда SD Family-ге қарсы ойнағанда 1:2 есебімен жол берген еді. Сол кезде жігіттердің қайта ойнауға ниеті мен ынтасы сезілді ме?
— Иә, жігіттер матчқа дайындық кезінде де бірінші айналымда жеңілгендері туралы жиі айтатын. Ойыншыларды тағы да ынталандырудың қажеті жоқ, олар ойынның маңыздылығын түсінді.

— Бұл – сіздің команданың тізгініндегі төртінші ойыныңыз. Сіз командаға енгізгіңіз келген барлық ойларыңызды жеткізе алдыңыз ба?
— Иә, мен командаға ризамын, олар ойынға арналған барлық тактикалық ойларды қабылдайды және оны ойында барынша көрсеткілері келеді. Әрине, техникалық орындаудағы тағы бір нәрсе — ол күнделікті жетілдіруді қажет ететін сәт. Біз дұрыс жолдамыз деп санаймын. Баршаңызды жеңіспен тағы да құттықтаймын, жастар үшін бүкіл клуб алаңдап отыр!

Бас серіктес