kz

RU
KZ
«Астана Жас» пен «Жеңіс» елордалық дербиде голға толы тең ойын көрсетті
Екінші лиганың 12-турындағы астаналық тартыста «Астана Жас» пен «Жеңіс» жасөспірімдері голға толы тең ойын көрсетті – 3:3.
00:00, 08 шіл 2025

Ойынның 12-минутында Арсен Ахметов қызыл қағаз алып, алаң иелері он ойыншымен қалды. Есепті 48-минутта Мирас Қайратов ашты – 0:1.

73-минутта Рахымжан Амангелдинов пенальтиден есепті теңестірді – 1:1. Екі минуттан кейін Ахметали Қалтанов «Астана Жас»-ты алға шығарды – 2:1. Алайда 76-минутта Айтуар Төкен өз қақпасына гол соғып алды – 2:2. 81-минутта Батыхан Камарадинов пенальтиден дәл соғып, қонақтарды алға шығарды – 2:3. 85-минутта Мұса Таушев соңғы голды соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:3.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес