Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Астана» «Оқжетпеспен» кездесті.
Негізгі ойын уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Гол авторы — Карло Бартолецтің пасын голға айналдырған Рамазан Кәрімов.
Пенальти сериясында «Астана» ойыншылары дәлжік танытып, 8:7 есебімен жеңіске жетті. Дәл соққыларды Кәрімов, Калайца, Аманович, Басманов, Астанов, Бартолец, Кеңесов және Вороговский орындады.