kz

RU
EN
KZ
«Астана-Жас» Түркияда ресейлік командаларға қарсы ойнайды
«Астана-Жас» Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Бірінші Лига маусымына дайындықтарын жалғастыруда.
09 нау 2020


Осы жиын аясында Василий Маруняк шәкірттері 4 бақылау ойынын өткізеді. Алғашқысы 10 наурыз күнге жоспарланған. Астаналықтар осы күні 1996 жылғы Интертота Кубогының жартылай финалисі «Камаз» (Набережные Челны) командасымен кездеседі. Камаздықтар қазір ПФЛ-да (Ресейдің үшінші деңгейлі дивизионы) өнер көрсетеді.
«Астана-Жас» 16 наурыз күні ПФЛ-дың тағы бір клубы «Химик-Арсенал» (Новомосковск) ұжымына қарсы ойнайды.
21 наурыз күні өз елдерінің астаналарының намысын қорғайтын «Астана-Жас» (Нұр-Сұлтан) және «Локомотив- Казанка» (Мәскеу) кездеседі.
Мәскеулік «Локомотивтың» фарм-клубы қазақстандық команданың осыған дейінгі қарсыластары сияқты ПФЛ-да ойнайды.
Василий Маруняк шәкірттері оқу-жаттығу жиынын Новотроицк қаласының «Носта» командасына қарсы кездесумен қорытындылайды.

Бас серіктес