«Астананың» шабуылшысы Эльхан Астанов ойыналды баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді:
- Өткен айда бізде өте тығыз кесте болғанын білесіздер. Қазақстан чемпионаты мен ұлттық құрама матчтарын кейін үзіліс алып, жініттер тынығып, қалыпқа келді. Бұл демалыс біз үшін физикалық жағдайды реттеу тұрғысынан қажет болғаны рас. Лига кубогының финалында «Жеңіске» қарсы матч біздің ойын тәжірибемізді пысықтауға сеп болды. Ертеңгі «Виториямен» өтетін ойынға біз толығымен дайынбыз.
- «Астана» «Виторияны» жеңе ала ма?
- Біз қалған ойындарда жеңіске жетуге тырысып бағамыз. «Виторияны» жеңе аламыз деген ойдамын. Алдағы матчтарға дайындығымыз жақсы. «Челсиге» қарсы ойынға да тас-түйін дайын боламыз.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ