kz

RU
KZ
Бабаян – «Лозаннамен» болатын матч туралы
23:30, 06 там 2025

– Мұндай дайындықтың өз әсері болатыны анық. Қазір біз Молдовадан Қазақстанға қайта алмай қалған жағдай туралы айтып отырмыз – стадионымыз жабық болғандықтан, онда жаттыға алмадық. Сол себепті клуб басшылығы осындай шешім қабылдады. Біз «Зимбрумен» болған ойыннан кейін Молдовада тағы бес күнге қалып, сол жерде дайындықты жалғастыруды жөн көрдік. Ертеңгі матчқа келер болсақ, біз «Лозаннаны» мұқият зерттедік, биылғы барлық ойындарын қарап шықтық. Сонымен қатар, маусым айының ортасында олар жаңа бапкер тағайындағанын да білеміз. Ол өте қарқынды, жоғары прессингпен, қысыммен ойнауды ұнататын маман. Ол қарсыласқа алғашқы минуттардан бастап барлық аймақта қысым көрсеткенді қалайды. Ертең біз үшін өте қиын матч болатынын түсініп отырмыз. Қарсылас құрамында сапалы футболшылар өте көп, және біз алғашқы минуттардан бастап болатын қысымды, шабуылдарды тоқтатуымыз керек – бұл өте қиын болады, өйткені жанкүйерлер өз командаларын алға сүйрейді. Бірақ біз өз жоспарымызды сақтап, ұйымдасқан түрде ойнап, қажетті нәтижеге қол жеткізгіміз келеді.

– Бұл жұпта «Астана» фаворит деп ойлайсыз ба?

– Жоқ, әрине. Біз қарсыластың күшін жақсы түсінеміз. Оның үстіне – бұл швейцариялық клуб, ал Швейцария лигасы – біз үшін өте мықты чемпионат. Біз аздап басымдықты қарсыласқа береміз, бірақ дегенмен біз алғашқы минуттардан бастап өзімізге қажетті нәтиже үшін күресуге дайынбыз.

– Сіздер чемпионатты наурыз айында бастап кеттіңіздер, ал «Лозанна» тек шілде айының соңында бастады. Бұл сіздер үшін артықшылық бола ма?

– Бізде бұл жағынан тәжірибе жеткілікті, біз Еуропада жиі ойнаймыз және бұл аса шешуші рөл атқармайтынын жақсы түсінеміз. «Лозанна» қазірдің өзінде бес шақты жолдастық матч, чемпионатта екі ойын және Конференция лигасында екі ойын өткізіп үлгерді. Яғни, оларда да матч тәжірибесі жеткілікті.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес