– Ертең бізді өте қызықты әрі қиын ойын күтіп тұр. Біз «Зимбру» командасын жақсылап зерттедік. Құрамында көп легионерлер бар екенін білеміз және олар әртүрлі тактикалық жүйеде ойнай алады. Ойын барысында схемаларын өзгертіп, бейімделе алады. Өкінішке қарай, соңғы 14 күннің ішінде бір апта өз алаңымызда дайындалуға мүмкіндік болмады, біз Футбол үйінде жаттықтық. Бұл концерттің өткізілуіне байланысты болды. Осы жағдай матчқа дайындыққа аздап әсер етті. Дегенмен, жігіттердің бұл ойынға психологиялық та, физикалық та тұрғыдан жақсы күйде келіп жатқанын білемін. Басты мақсатымыз – келесі кезеңге өтіп, қажетті нәтиже әкелетін футбол көрсету. Сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауына үміт артамыз. Олар еурокубок ойындарын қатты сағынған болар – Астанада өткен ойындарға шамамен екі жыл болды.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ