– Бұл Мәскеудің «Спартак» командасына қарсы бақылау матчы болды. Біз «Спартакпен» өз мәнерімізде – прессингке және толық бақылауға сүйеніп ойнауға әлі мүлде дайын емес екенімізді жақсы түсіндік. Үш жарым айдың ішінде бұл – біздің үшінші матчымыз. Ұзақ үзіліске байланысты командада ойын ырғағы жетіспеді, физикалық дайындық деңгейі де әртүрлі болды. Сонымен қатар қаржылық қиындықтарға байланысты бір топ ойыншы командадан кетті, ал құрамға көптеген жаңа футболшылар қосылды, олар біздің талаптармен енді ғана танысып жатыр.
Мен «Спартактың» бас бапкерін өте жақсы білемін, оның ойын стилімен «Пафоспен» жұмыс істеген кезінен таныспын. Сондықтан ойынды бірден қарсыластың мықты жақтарына қарай бейімдеп құрдық. Бірінші таймда «Спартак» допқа көбірек иелік етті, біз төмен блокта қорғанып, екінші нөмірмен ойнадық. Доп өзімізде болған кезде «Спартактың» прессингіне төтеп бере алмадық. Ал екінші тайм қатты ұнады, үзіліс бізге пайдасын тигізді. Сабырға келіп, бірінші таймды талдап, екінші таймда сенімді футбол ойнадық. «Спартакпен» тең нәтиже – дайындықтың барлық қырларын ескерсек, біз үшін жақсы нәтиже. Сондай-ақ шаршау аясында проблемаларымызды көру маңызды болды. Клуб тәрбиеленушілеріне де өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік: Абраев стартта шықты, Валихан матчтың соңында алаңға шықты. Бұл жас футболшыларымыз үшін басқа деңгейдегі қарсылықты сезіну тұрғысынан өте маңызды. Жалпы ойынға ризамын, өте мықты командамен тамаша спарринг болды. Бас бапкер Хуан Карлос Карседо бастаған «Спартакқа» сәттілік тілеймін, ойын үшін рахмет!
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ