– Бүгін жанкүйерлер үшін өте жарқын футбол болды деген ойдамын. Бірінші таймда, бәлкім, маусымдағы ең жақсы деген ойындардың бірін өткіздік. Екінші бөлікте қарсылас тарапынан қысым сезілді, сол себепті ойынды қайта құрып, тактиканы өзгертуге тура келді. Жалпы жігіттерге ризамын. Мұндай атмосфераны көптен бері көрмеппін – Қазақстанда тіпті мұндай матчтар болмаған шығар. Алдымызда финал – «Қайратқа» қарсы маусымның ең маңызды ойыны болады. Жақсылап дайындалуға тырысамыз. Қазір 2-3 жарақат алған ойыншы бар, бірақ аса ауыр емес деген үміттемін.