kz

RU
KZ
Бабаян Шымқаладағы ойын туралы
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян «Ордабасымен» өткен матчтың нәтижесі туралы пікір білдірді:
00:00, 14 шіл 2025

– «Ордабасы» өте төмен орналасып, тығыз қорғаныс құратынын түсіндік, және бұл ойынды толықтай осылай өткізгенін көрдік. Әрине, бірінші таймда бізде мүмкіндіктер болды, бірақ бүгін өте баяу ойнадық, ауысу кезеңдерінде 3-4 қарсы шабуыл өткізіп алдық, онда олар орта қашықтықтан бірнеше рет қақпамызға соққы жасады. Бірінші таймдағы мүмкіндіктерді біз пайдалана алмадық, ал екінші таймды агрессивті әрі сенімді бастай алдық, мүмкіндіктер болды. 70-ші минутта ойыншы алаңнан қуылды, сол сәттен кейін, әдеттегідей, команда сабасына түсті. Мен айқайлап, түсіндіруге тырыстым – дәл қазір зейінді жоғалтпау маңызды екенін, керісінше қосымша күш салу қажет екенін, қарымта шабуылдар мен ауысу сәттерінде мұқият болу керектігін айттым. Алайда біз бұл кезеңдерде жеткілікті деңгейде жұмыс істей алмадық – гол жіберіп алдық. Ойын соңында жағдайды өзгертуге тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, сәтсіз аяқталды, дегенмен мүмкіндіктер болды. Бұл жеңілісті мойындауымыз керек. Ең алдымен, мен – бас бапкер ретінде кінәлімін. Бірақ әрі қарай алға жылжуымыз қажет.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес