kz

RU
KZ
Бабаян – «Лозаннамен» өтетін ойын жайында
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Лозаннаға» қарсы матчқа дайындық туралы айтты.
16:21, 14 там 2025

– Ең алдымен «Қайрат» клубын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққанымен құттықтағым келеді. Бұл – қазақстандық футбол үшін үлкен оқиға. Алматыда алғаш рет Чемпиондар лигасының гимні шырқалады, оған қоса «Селтик» секілді қарсылас пен команда келмек – бұл өте ауқымды оқиға. Сондықтан тағы да қайталаймын, бұл – шынымен де маңызды әрі тарихи сәт. Мен құттықтауды тек «Қайратқа» ғана емес, бүкіл қазақстандық футболға арнаймын.

Біздің ойынымызға келсек, алғашқы кездесуде бізде көптеген жеке және қажетсіз қателіктер болды. Бұл матчқа біз енді қуып жетуші рөлінде келеміз. Футболда екі доп айырмасы – айтарлықтай басымдық. Дегенмен, бір апта бойы жұмыс істедік: талдадық, көрдік, жігіттерге көрсетіп, қателіктерін және қарсыластың әлсіз тұстарын көрсеттік. Бірінші ойында істей алмағанымызды ертең алғашқы минуттардан бастап жасаймыз деп үміттенемін. Мұнда жанкүйерлеріміздің де рөлі зор – олар бізді бастапқы минуттардан бастап қолдап, алға жетелейді. Сондықтан біз жинаған барлық ақпаратты алаңда іске асыра алуымыз маңызды.

«Лозаннаға» қарсы алғашқы ойында Томасов пен Грипш жарақат алған жоқ. Біз сол кезде орталық алаңды нығайттық, себебі «Лозанна» ойыншылары жаппай шабуылға шығатынын білдік. Ол матчта біз швейцариялықтармен тең дәрежеде ойнадық. Алайда үшінші гол бізді есеңгіретіп тастады. Кез келген футболшы қателеседі, бұл – қалыпты жағдай. Өкінішке қарай, сол ойында бізде сирек кездесетін екі-үш шешуші қате болды. Бұған мен сабырмен қараймын, ешкімді кінәлі етпеймін. Футболшылардың бәрі мұны біледі, өйткені кез келген жеңіліс немесе футболшының кез келген қатесі – ең алдымен менің қатем.

Ойыншылар үшін ең дұрыс мотивация – жанкүйерлердің алдындағы қарызды өтеу. Ертең бәрі сәтімен болады деп үміттенеміз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес