– Бірінші таймда бос қалғандай болдық, Конференциялар лигасынан кейін көп эмоция жұмсағанымызды білдік, сондықтан ауыр болатынын түсіндік. Әрине, бірдеңелер шықпады, шабуылдар болса да ырғақ болған жоқ. Екінші таймда орналасуымызды өзгерттік, жоғарырақ ойнадық. Жігіттерге төменге түспейміз, жоғарырақ қысым жасаймыз, прессинг, қарсыласты қыспаққа аламыз дедім. Қажетті сәтте маңызды гол соқтық, сондықтан команданы осы маңызды жеңіспен құттықтау керек деп ойлаймын. Өйткені Конференциялар лигасынан кейінгі үш күн өте ауыр өтті, эмоционалдық тұрғыда босап қалдық, бірақ команда оны жеңе алды. Бір ғана минус – қажетсіз сары қағаздар алдық, мен жігіттерді ескерткен едім, бірақ өкінішке қарай бәрібір карталар алынды. Ең бастысы – жеңдік. Енді бізде аздап тынығып, келесі ойындарға дайындалуға шағын үзіліс бар. Қазір біз үшін әр ойын – финал. Әр ойынға дұрыс дайындалу керек.
– Өткен жылы команда қарқындырақ көрінген еді, биыл, мысалы, жоғары прессингті аз көреміз. Алда «Қайрат», «Елімаймен» ойындар бар, қазір командада допсыз ойындағы аспектілерді жақсарту жұмысы жүріп жатыр ма?
– Әрине, жұмыс барлық фазада жүргізіліп жатыр, тек прессингте емес. Мысалы, бірінші таймда біз өте созылыңқы ойнадық, қарқын жетпеді. Біздің чемпионаттың өзі аса қарқынды емес. Естеріңізде болса, біз Еуропада ойнағанда осы қарқынды сақтап жүрдік. Бірақ содан кейін мұнда келіп ойнау, мысалы бүгінгідей үш күн бұрын матч өткізгеннен кейін – алғашқы тайм баяу өтті. Бұл қарқындылықты жасанды түрде ұстап тұру қиын, не айтып отырғаныңызды түсінемін. Біз үнемі осы жайлы сөйлесеміз: тез, агрессивті футбол ойнауымыз керек, қарсыласқа жоғарыдан қысым жасау, тығыздықты сақтау қажет. Қарсыластар бізге қарсы төмен орналасады, бірақ ең бастысы – Еуропада ойнағанда қарқындылықты сезесің, соған дағдыланасың. Ал жасанды түрде ұстау – өте қиын.
– Еурокубоктан шығып қалған соң команданың көңіл күйі жақсы болмағаны түсінікті. «Қайрат» – «Елімай» матчының нәтижесі қаншалықты көтерді?
– Әрине, бәріміз сол ойынды көрдік. «Қайрат» та біз сияқты жағдайда болды, бірақ оларда позитивті эмоция көбірек – плей-оффқа шықты. Сол себепті олардың ойыны да ауыр болады деп білдік, өйткені көп күш, энергия жұмсады. Бірақ мен жігіттерге: басқаға қарамаймыз, бәрі бізден ғана тәуелді, өз ойындарымызды жеңуіміз керек дедім. Дегенмен, «Елімайдың» «Қайраттан» ұпай алғаны бізді қуантты. Жақсы болды, бірақ алда 7 матч бар, 7 финал, бәрін жеңуіміз қажет.
– Моменттердің жүзеге асуына көңіліңіз толды ма?
– Жоқ. Бірінші таймда шабуылға мүлде көңілім толмады, солай ойнауға болмайды. Екінші таймда 20 минут қосылып, гол соқтық, бірақ сонша мүмкіндікті суға кетірдік. Шабуылшыларға қойылатын талап белгілі: мысалы, xG төмен сәттен де гол соға алса – бұл шабуылшының класы. Ал бесінші мүмкіндікте ғана соқсаң – келесіде ол сәт қайталанбайды. Сондықтан бірінші мүмкіндікті іске асыру керек. Перерывта 10 минут бойы осыны айтып ұрыстым. Агрессия, ынта, концентрация жетіспейді. «Қақпадан екі метр жерде бәрібір соғамын» деп ойлайды, бірақ алдымен дәл соғу керек.
– Джеффридің ойынын қалай бағалайсыз? Өткен жылы белсенді еді, биыл ондай жоқ. Бұл қысқа жарқыл ма еді?
– Өткен маусымда ол келіп, бірінен кейін бірі гол соғып, сенімділік алды, оны әлі білмейтін, тосын әсер берді. Биыл ондай жүрмей тұр. Бірақ мәселе басқа: ол жеңіл гол соқпайды, тек қиындарын соғады. Мұның бәрі позиция таңдауға, серіктесті сезінуге байланысты. Мен жаттығуда оған осыны айтамын. Ол жұмыс істейді, ынтасы бар, класы да бар. Кейде жолы болмайды, кейде дұрыс шешім қабылдамайды. Қиыны – қарсыластар бейімделіп, талдап, қатаң ұстай бастайды. Мұнда ойлану керек. Егер сен нағыз шабуылшысың – әр секунд сайын дұрыс шешім қабылдауың қажет. Сонда оңай болады. Ал қосылып-өшіп ойнасаң – қорғаушыға оңай.
– Кипрас «Лозаннаға» қарсы екі ойында қателік жіберді. Бүгін стартта болмады. Неге?
– Бұл ротация мәселесі, жүктеме көп. Біз толық қорғау сызығын өзгертпедік, тек Вороговский мен Кажуколовасты ауыстырдық, орнына Шомко мен Марочкин шықты. Балансты сақтау үшін екі қорғаушыны қалдырдық, өйткені қарсылас тек қарсы шабуылмен ойнайды деп күттік. Сондықтан жауапкершілікпен, жаңа күшпен ойнау керек болды. Шештік.
– Кипрас Кажуколовастың әлсіз ойыны психологиялық жарақат па?
– Жоқ, психологиялық жарақат емес. «Лозаннаға» қарсы соңғы матчта ол жаман ойнаған жоқ, тек бір қателік болды, қарсылас оны алдап өтті. Басқа әрекеттері жақсы еді. Бұл тақырыпқа қайта оралғымыз келмейді, ол біз үшін ауыр. Еуропада ойнағымыз келген, бірақ, өкінішке қарай, болмады.
– Соңында Цамай шықты, бірақ ол екінші шабуылшы рөлінде ойнады. Бұл жаңа схема ма?
– Біз Калайцаны алмастырдық, Амановичті төменірек жылжыттық, тіректе Грипши ойнады, ал Цамайды екінші шабуылшы қойдық. Өйткені ол осы позицияда ойнаған. Басында басқа ауысым жоспарланған еді, бірақ ойын барысында Калайцаны ауыстыруға тура келді, соған байланысты схеманы сәл өзгертуге тура келді. Біздің 5–6 шабуылшы ойынымыз кез келген позицияда ойнай алады, бұл проблема емес.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ