kz

RU
KZ
Бабаян – ОЖЖ-дағы жолдастық матчтардың қорытындысы туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындарында өткен екі бақылау матчының қорытындысын шығарды.
14:00, 08 ақп 2026

– Футболсыз екі жарым айға созылған үзілістен кейін біз Астанада жиналдық. Алғашында шетелде оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған еді, алайда белгілі себептермен бара алмадық, сол жерде екі жолдастық матч жоспарланған болатын. Қазақстандық командалардың ішінде біз шетелдік жиынға ең соңғы болып келдік. Бұған дейін Астанада, өз аренамызда дайындық жүргіздік, кейін басшылықтың қолдауымен БАӘ-ге келуге мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда екі бақылау ойынын өткіздік: алғашқы матчта «Arabian Falcons» командасына қарсы ойнадық, екінші кездесуде «Ноаға» қарсы шықтық. Бұл — Конференция лигасының негізгі кезеңінде ойнап, плей-оффта АЗ Алкмаармен кездескен мықты команда. Жақсы спарринг болды, барлық ойыншыларды көрдік, соның ішінде шамамен сегізі — біздің футбол орталығының тәрбиеленушілері.

Ойынның өзіне келсек, қарқын өте жоғары болды, күрес көп, кей сәттерде дөрекілік пен қақтығыстар орын алып, матч 10 минутқа тоқтатылды. Біздің жағдайымызда ойнау өте маңызды екенін түсіндік: дайындық кезінде матчтар өте аз болды, ал қарсылас Конференция лигасына дайындалып жатыр. Сондықтан қарсыластың бас бапкерімен келісіп, командаларды тыныштандырып, ойынды жалғастырдық. Пайдалы матч өтті, қажетті ақпарат алдық, ойыншылар жеткілікті ойын уақытын алды. Әлі де ұйымдастыру, тактикалық тәртіп пен физикалық дайындық бағытында көп жұмыс істеу керек. Бұл соңғы үш айдағы небәрі екінші матч. Жалпы, дайындық жақсы өтіп жатыр, жағдайлар тамаша, командада атмосфера өте жақсы.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес