– Ертеңгі ойынға жүз пайыз дайынбыз деп сеніммен айта аламын. Өз алаңымызда жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз. «Тұранға» қарсы матчты жақсы жаттығу болды деп айтуға болмайды – бұл жақсы ойын болды. Бұл бізге еурокубок ойынына жақсы стимул берді.
Шынымды айтсам, «Астана» тарихында ең көп голдық пас берген ТОП-5 ойыншының қатарына кіргенімді білмеппін. Бұл туралы енді ғана естідім. Ойын қиын болатынын білемін. «Зимбрудан» не күтетінімді білмеймін, өйткені бұл команда – жабық команда. Ертең бәрі алаңда көрінеді. «Астана» жыл сайын еурокубоктерге қатысады, сол себепті біз әр жолы жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ